Өлеңдер ✍️

  09.09.2022
  91


Автор: Ермұрат Зейіпхан

АУЫЛЫМ МЕНІҢ НҰРЛЫДА

(Рахым Айыпұлына)
Ауылым Нұрлы аумағы нулы, қамысты,
Аңқылдақ жаным Алматы жақтан ала ұшты.
Адымы аршын, астымда жарау ақ тұлпар,
Ақсұңқар көңіл желікті желмен жарысты.
Айта бар сәлем алыста жүрген құрбыға,
Сағынсаң орал, ауылым менің Нұрлыда.
Бастауы – Күнес, Іле ағып жатыр іргемде,
Шалқыды шабыт,
жарыла жаздап тұр кеуде.
Алтын шоқы асып,
ата-жұртты аңсап келген ел,
Басқаны қайтсын, Нұрлыда еркін жүргенде.
Айта бар сәлем алыста жүрген бауырға,
Сағынсаң орал Нұрлы деген ауылға.
Бар екен қайда қазақылықтан кең неңдей,
Арқаң – Сарыарқа, Алатау – асқақ кеудеңдей.
Нұрлыға келсең баурайды бауырым бір бақыт,
Барқыт-бел, Іле, Өр-Алтай көшіп келгендей.
Айта бар сәлем алыста жүрген туысқа.
Сағынсаң орал, Нұрлыға келіп ту ұста.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу