Өлеңдер ✍️

  09.09.2022
  133


Автор: Ермұрат Зейіпхан

ТАНЫСҚАНДА

Бикешім-ау, би кешінде танысқаным,
Қыпша бел ме, қиылған тал ұстадым.
Аласұрған кеудемнің арыстанын,
Келіп тұрды өзіңе табыстағым.
Тұрқың қандай аяулы, күлкің қандай,
Ақ толқын да ақ шабақ бұлқынғандай.
Жарқын әлем – жанарың сыр тұнғандай,
Барлық жүрек өзің деп ұмтылғандай.
Қайырмасы:
Көрмегін жаным – алтындарымды жездей ғана,
Кетпегін жаным – жүрек сырларымды сезбей ғана.
Сен бар жерде қадірім – хан-бекзада,
Сен жоқ жерде – күй кешем мен беймаза.
Көкірегіме көп тілек кеп тұр құрбы,
Білсең өзің білерсің тек бұл сырды.
Көктеген беу арманым көкке ұмтылды,
Қанат қағып пәруана отқа ұмтылды.
Бар гүл өзің, балауса, балғын өзің,
Аяларлық әр қимыл, әр мінезің.
Тілегімді қайтармай алғын өзің,
Ғұмыр бойы билеуге бармын өзім




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу