Өлеңдер ✍️

  09.09.2022
  83


Автор: Ермұрат Зейіпхан

ӘЛЕМНЕН САҒАН ТЕҢ ІЗДЕМЕН

Әлемнен саған тең іздемен,
жасыл бақ Алматы,
Өзіңменен егіз денем, туған жер жаннатым,
Қыран қанша биік ұшса талдырып қанатын,
Тұяғының ізі қалған тұғырға қонатын.
Әлемнен саған тең іздемен,
жұмағым Алматы,
Анашымдай емізген ең тұз-дәмің, шәрбатың.
Алатаудың асқарында әппақ қар – ар жатыр,
Сол ғой сенің пәктігіңнің белгісі – Алматым.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу