Өлеңдер ✍️

  09.09.2022
  102


Автор: Ермұрат Зейіпхан

БОТАДАЙ КӨЗДІ

Бар бағым сенен арытпап еді,
Арманға бірге қалықтап едім.
Мұхиты мұңның тоғытпап еді,
Тарылса да тағдыр, тарықпап едім.
Еңлік көп еді, елік көп еді,
Ешкімге бірақ елітпеп едім.
Сенерім жаным – мендік бол енді,
Түсіме дәйім еніп кеп едің.
Қайырмасы:
Ұмыта алман сені,
Сол тәтті кезді.
Ботадай көзді – сезімнің өзі,
Ботадай көзді – сенімнің өзі.
Мезгіл де, мезгіл өтер де еді,
Соңынан қусаң жетер ме едім.
Екі өмір бірге от өрген еді...
Бәрі де жалған, бекер ме дедім.
Шаңырақ басқа көтерген өзің,
Мен де өзге ірге бекемдеп едім.
Ботадай көзін төңкерген керім,
Құмармын шіркін... секемденемін.
Қайырмасы:
Ұмыта алман сені,
Сол сәтті кезді.
Ботадай көзді – арманның өзі,
Ботадай көзді – жалғанның өзі.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу