Өлеңдер ✍️

  09.09.2022
  113


Автор: Ермұрат Зейіпхан

ДОС ТУРАЛЫ ӘН

Үлкен олжа жүректің амандығы,
Көп айтатын кезін де Анам мұны.
Бұл өмірден адам мен адам күні,
Жылағанға күлгеннің надандығы.
Қайырмасы:
Досым мен де қуансам, қуанарсың,
Досым мен де мұңайсам, мұңаярсың.
Өз жүрегің емес пе соғып тұрған,
Менің-дағы жанымды ұға аларсың.
Туған өлке, тау десем, белес десем,
Қол бұлғайды, барлығы емес пе сен.
Сағынамын, іздеймін, зарығамын,
Өзің менен кезігіп кеңеспесем.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу