Өлеңдер ✍️

  09.09.2022
  389


Автор: Ермұрат Зейіпхан

ЖАЙЛАУЫМ – ӘНІМ

Жасаған кешегі,
Бабамның мекені.
Бар екен өмірде –
Жайлаудың не теңі.
Қайырмасы:
Мен жүрген жайлаудың,
Тауының биігі-ай.
Арудан аумайтын
Аяулы киігі-ай!
Гүлдерді еркелей,
Ырғала билеген.
Сол гүлді еркем-ай,
Үзуден именем.
Қайырмасы:
Бал қымыз, ауасы –
Жанымның дауасы.
Анаңдай аяшы,
Жайлаудың баласы.
Қайырмасы.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу