Өлеңдер ✍️

  09.09.2022
  64


Автор: Ермұрат Зейіпхан

Қамысты жаға, қамысты жаға...

Қамысты жаға, қамысты жаға,
Бүлкілдеп аққан танысты қара.
Желігіп қалсын толқындары деп,
Пейілін желмен ала ұшты дала.
Іле ғой мынау иінді, иірім,
Толтырып жатқан Балқаштың бүйірін.
Жанғанда үміт, жалданып біздер,
Көнгеміз көріп өшкенін, құрбым...
Үкілі шиге қонған-ды торғай,
Құйқылжып кейде толғайды, қандай...
Тамырын беріп Ілеге тұрған,
Ойсақты анау, орманды маңды-ай.
Думан қып жатыр қарға, ұзақ қырды,
Әлде бір жақтан аңызақ бүрді.
Құлап бір алып айдынға ақын,
Тамсанып сосын тым ұ-за-а-ақ тұрды...




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу