Өлеңдер ✍️

  09.09.2022
  87


Автор: Ермұрат Зейіпхан

Ұлпа өмір үп еткен желге ұшады...

Ұлпа өмір үп еткен желге ұшады,
Жел басылып, ақыры жер құшады.
Өпкісі кеп енді бір самал жетсе,
Тірлікті ойлап бейбаян тер қысады.
Ұлпа арман үп еткен желге ұшады,
Күтіп тұр-ау оның да шерлі шағы.
Құлақтанып күн батса – дауыл, жауын,
Таңғы шықта – үміттің бар нышаны.
Ұлпа өмір, ұлпа арман, ұлпа ақын,
Ұлпа өлең қып-қызыл ніл таматын.
Муза рухы шыжымын бырт-бырт үзіп,
Самғау үшін қаққалы тұр қанатын.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу