Өлеңдер ✍️

  09.09.2022
  79


Автор: Ермұрат Зейіпхан

Армандар көп аунап туған күлге бір...

Армандар көп аунап туған күлге бір,
Аңғалдар көп жау былығын өңгерер.
Тобырға еріп тоғаймаған бұл көңіл,
Жалғыздықтың қасіретін жөн көрер.
Сансыз жортып, саяқ қонар бөрі інге,
Бөрі жанын қалды дерсің оқыр кім.
Еріккен мен желіккеннің төрінде –
Ен далаға зытуды ойлап отырмын




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу