Өлеңдер ✍️

  09.09.2022
  131


Автор: Ермұрат Зейіпхан

АҒАТАЙЫМ ӘЛ-ХАЙДАРДАН АЙРЫЛҒАНДА

Анасы кеткен, баласы ерді соңынан,
Ірге бөліп тірілердің тобынан.
Жан анам жалғыз болмасын деген онда ұлы,
Біздерден бұрын қанатын солай қомдады.
Кезікті ол кезенген тағдыр оғына,
Зарлылардың қосып мені тобына.
Ағатайым суырды бұрын жүрегін,
Бағышталып мен де анама жүр едім.
Кетпес бұрын арулап, тәнін тазартып,
Қараша үйдің келер таңын бозартып.
Жайлап қана жүріп кеткен ананың,
Рухына жаны еріпті баланың.
Түсінесің бе, мендегі халды, ей, ұлым?!
Күн-Айым сөнген беретін жылу-мейірін.
Бір-біріне бауыр басқан лайым,
Әзиздерді жанына алды, Құдайым




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу