Өлеңдер ✍️

  09.09.2022
  78


Автор: Ермұрат Зейіпхан

Айдалаға атылмайды берен...

Айдалаға атылмайды берен,
Ақынды тақымдайды өлең.
Өзіңді ойласам еркем,
От болып лапылдайды денем.
Кенендік – жанарында ма екен?
Алманың сабағында ма екен?
Мастанып мен ала-бөтен,
Жаныңды аламын да кетем.
Балыңды – балыма қосам,
Жаныңды – жаныма қосам,
Жауыңды – жауыма қосам,
Кел еркем!
Зарыға тосам




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу