Өлеңдер ✍️

  07.09.2022
  344


Автор: Ахат ӘШУҰЛЫ

Абай ата

Жер шарының сілкіндіріп бар тысын,
Таныды әлем поэзия жаршысын.
Жарық беріп қара түнек заманға,
Шешіп кетті сан ғасырдың тартысын.
Жүректерге жазып кетті жыр-тәлім,
Жыр жолында болам мен де құрбаның.
Ілдім міне мойыныма сондықтан,
Поэзия көгенінің бұршағын.
Тәлім алам Ұлы Абайдың жолынан,
Шалып келем сол жолдардан соны маң.
Жүрген шығар мені бастап алысқа,
Түсімде ылғи Ұлы Ақынға жолығам.
Абай ата, аруағың қолдасын,
Сенің айтқан нақылдарың жолдасым.
«Ата көрген оқ жонады» дейді екен,
Ақиығың қос қанатын қомдасын!!!



Қараша 1998 жыл




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу