Өлеңдер ✍️

  07.09.2022
  184


Автор: Ахат ӘШУҰЛЫ

Кею

Лақса ғалам келеді тарихтың
Қолтығына қыстырып ғазалдарын.
Уақыт бұлдыратып жөңкілтеді,
Заманның зар бүріккен тозаң заңын.
Қапыда желмен ұшқан қаңбақ ғана,
Бабаның паналайды мазарларын.
Жылайды аспан соғып жерге басын,
Өтініп тіршілікті тамамдауын.
Адамзаттың көбісі аусан жасап,
Айтады мұқтажы мен соған жоғын.
Сенген сұңқар тұғырға саңғыған соң,
Ел қайтсін, көзін жұмып, жабар жағын.
Алдыға бір басудан қорқады жұрт,
Көтеріп шөгір кірген табандарын.
Басшың басса маңдайға масыл мөрін,
Жұрт та жоқтай алмайды жоғалғанын.
Абағайлап аттансаң алға бір сәт,
Ешкім саған ермейді,
... Шамаң мәлім...



Қыркүйек 2013 ж




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу