Өлеңдер ✍️

  07.09.2022
  116


Автор: Ахат ӘШУҰЛЫ

Құс қанатының суылы

Құстар ғана шаттығымның шырқауы,
Самғап ұшар қанатынан нұр тамып.
Жанарымның жалғап соған сәулесін,
Қимай қарап тұрам ылғи күн салып.
Құстар, құстар еш жетпейді ой саған,
Қанатыңның суылында байтақ ән.
Сендер ұшқан аман болсын көк аспан,
Жердің шарын жұмыртқадай шайқаған.
Самға мәңгі көк тіреген шыңды асып,
Сендерсіңдер мұңдасым да, сырласым.
Бар ғаламның еркіндігі құстарым,
Қанатыңнан бір қауырсын сынбасын!




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу