Өлеңдер ✍️

  07.09.2022
  89


Автор: Ахат ӘШУҰЛЫ

Жоқ іздеу

Үдере көшіп отарға, Ақтағыр тігіп, шом шешпей,
Қоралы қойды күзетіп, қасқырдан шапқан
селт етпей.
Жусанның иісін аңқытып, суынан қардың
шәй асып,
Бір кертіп сүрі қазыдан салып жегенің ертек қой!
Ақбұрқақ боран ұлыса бөрімен қоса отарда,
Батыр барма екен өмірде,
Пақыр барма екен шопаннан?!
Кетесің сосын шығып дүр жоқ іздеп алыс сапарға,
Азығың жолда, әрине, жараған атпен қосарда.
Мұңдасың жалғыз ен дала, айтады сырын
сол ғана,
Құбының құба жондары қаусыратұғын қомдана.
Ай іздемейсің аспаннан, жұлдыздың да
жоқ жұғыны,
Меңзеген жерді ат табар, бағытың жалғыз
сол ғана.
Шабдарым сонда заулайтын садақтың сайгез
оғындай,
Жанатын бөрі жанарым, сексеуілдің шоғындай.
Шымқатып шытқыл мінезге, болмысы да
тым өзге,
Іздеуші едім жоғымды, қазақтың саңғы
жоғындай...



ақпан 2010ж.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу