Өлеңдер ✍️

  07.09.2022
  56


Автор: Ахат ӘШУҰЛЫ

Мен отарданмын

Мен отарданмын!
Мал бағып, адал несібе жеген,
Есіл-дертін қотан шетіне көмген.
Жеті түнде атын адаспай тауып,
Жұртында жалғыз бұрауы қалмай,
Таң сөгілместен көші жөнеген.
Қыстауға жетпей басқұр тартпадым,
Асқақтайтұғын ақбұрқата әнім.
Аппақ дала – имам секілді бейне,
Құланнан көрдім тәспі тартқанын.
Сарыбалақ шалған саяқ саулықты,
Көретін едім қасқыр тартқанын.
Ұмытып жалғанның барша сүреңін,
Жыңғылды ағынға қанша түнедім.
Аяқталмайтын аппақ теңіздей,
Жоқ іздеп жонды жортатын едім.
Бөрі ұлымаса қорқатын едім!
Мен отарданмын!
Қаңтары менен ақпанға ғашық,
Сексеуілдейін шоқтанған оты.
Мен ақын едім...
Шиырымен қойдың жырға толтырар,
Тәңірдің берген аппақ даласын...



қыркүйек 2008ж.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу