Өлеңдер ✍️

  07.09.2022
  76


Автор: Ахат ӘШУҰЛЫ

Етегін жерге батырған ерен тауларды сағалап...

Етегін жерге батырған ерен тауларды сағалап,
Кербесті міндім аяғын мұздай тағалап.
Жолаушы кетіп барамын алыс,
Сары жұртқа қонып,
Тас молаларды паналап.
Шаңға жеткізбей шапқанда шалқып шалқарым,
Жас емес көзден жалыны бөлек ағады от.
Молалар пана!
Содан арқама жал бітіп,
Таң күтіп тұрар құласам болды сам жұтып.
Елпілдеп кетсем, еңкілдеп кетсем егер мен,
Жылатар адам...
Жұбатар мола жан бітіп.
Балбалға қонған бозторғай ұшып басымнан,
Дейтіндней мені сәреден ғана ал күтіп!
Ұлиды бөрі іңірдің түртіп іргесін,
(Мықтылығы оның!
Демеймін жолды жүр кесіп.)
Бөрі жүрегім кете алса бұзып түрмесін,
Келер еді ғой ұлы
Ұлығандарменен тілдесіп.
Ақымақпын ба?..
Топырақпын ба қайтарар жердің қарызын,
Айтады оған бөрі мен ажал бір кесім…



шілде 2008ж.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу