Өлеңдер ✍️

  07.09.2022
  62


Автор: Ахат ӘШУҰЛЫ

Жүрегімде дүбірлер...

Жүрегімде дүбірлер,
Кірпігімде іңірлер,
Ойларым ылғый жорықта.
Нәзігім саған тиіспеймін,
Үмітім, мүлде торықпа.
Сезімім сен де селт етпе,
Салмаймын сірә, солыққа.
Сенімім секем алмағын,
Күдікке бірде жолықпа.
Өкпемді алып ұшайын,
Қабырғам тұрса қалпта.
Аяғым барда зырлайын,
Ізімді тастап шаңытқа.
Бұлдыр да бұлдыр, бұлдыр бел,
Жететін жерім алыста.
Арманға жетуге асығу –
Асығу сірә, табытқа.
Жан менен тәнім шашылар,
Қара жер менен ғарышқа.
Көрейін мынау дүниені,
Жұмақ па?
Әлде, тамұқ па?
Көргенше бәрін жанарым,
Қарашықтарыңды ағытпа!!!



27 желтоқсан 2007ж.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу