Өлеңдер ✍️

  07.09.2022
  97


Автор: Ахат ӘШУҰЛЫ

Тауыма кетейін

Тағы ішіп келдім,
Бокалмды қағысып келдім жындармен.
Алысып келдім сұмдармен,
Жарысып көрдім жылдармен,
Жазып бір келдім жырымды,
Жарамай түкке құр дәрмен.
Қаңғырып келдім,
Жаңғырып келдім меңіреу жатқан жартасқа,
Мәңгіріп келдім алты аспан асып,
Айналып және сары тапқа.
Жүгенін алып жүректің,
Жібердім қайта сол шаққа.
У жұтып келдім,
Туды тіктедім құлаған құзға қайтадан,
Нулы түктерім айқара
Қара жонымнан қайталап
Түрегелді де …
Көкжалмын!
Тауыма кетейін ой, тоба!
24 қазан 2007ж.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу