Өлеңдер ✍️

  07.09.2022
  77


Автор: Ахат ӘШУҰЛЫ

Бүгін менде ой да жоқ, қалған миым қоңырсып...

Бүгін менде ой да жоқ, қалған миым қоңырсып,
Күңіренген күздеймін, көңілім де көңілсіз.
Жүрек қауыз жармады көктем жеткен шақта бұл,
Құлпырмады алайда сол көктемде өмір түк.
Құлазыған шағымда қу медиян құшамын,
Қанатым бар болғанмен, белгісіздеу ұшарым.
Мені тарта береді тұңғиықтың түптері,
Қуаныштан жылт та жоқ, жанымда бар құса - мұң.
Кім түсінер мұңымды, кімге барып шағамын,
Мен – тұмамын, мәңгілік мұхиттарға ағамын.
Садақтан ұшқан сайгездей зымырап ұшып барамын,
Кім біледі қай жерге қаларымды қадалып.
Қайтем алғы күнімді алдын ала топшылап,
Көп сұрақ бар, алайда жауаптары жоқ бірақ.
Не қыламын ұшуға асығып мен бекерден,
Өмір өзі-ақ бір күні аспан жаққа лақтырад...



1 наурыз 2007ж.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу