Өлеңдер ✍️

  07.09.2022
  54


Автор: Ахат ӘШУҰЛЫ

Он бір метр

Сұрайсың менен несіне көңіл-күйді асқақ,
Өмірдің бәрі, жолымның бәрі құй-батпақ.
Жайдарлы салған қырқада сонау ән қалып,
Ойға құрсанған айналды тоңға ми қатқақ.
Үмітім ғана ұласып жатыр арманға ақ,
Ұшып келемін ғұмырда мынау қалбаңдап.
Әлі де талай сайрандар пенде салмақ жоқ,
Жер шары дейтін жарылмай тұрса кәрі жаңғақ.
Бермесін қайтем тағдырдың, сірә, таласып,
Кетерім анық көкжиектен де ары асып.
Ғұмырда жалғыз жалған дейтұғын
шындық бар,
Бір метр жөргек, он метр кебін бұйырар,
Он бір-ақ метр өмір мен өлім арасы.



7 қаңтар 2007ж.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу