Өлеңдер ✍️

  07.09.2022
  58


Автор: Ахат ӘШУҰЛЫ

Түсімде

Сынық сүйем өмірде сылтып келем сан сынып,
Қыршынынан қиылды қырқаны аспай қанша үміт.
Сағым жұтып барамын салаң-салаң сұлбаммен,
Маңдайымнан тер шығып, балағымнан шаң шығып.
Арман титтей азығым, Темірқазық бағытым,
Шашылдым бұл ғаламға қабырғаларымды ағытып.
Безіп барам бет қойып жан баспаған жаққа бір,
Көрінеді көз алдым қырау-қырау шаңытып.
Ерте аттанып кетіппін, ерттеп мініп сағымға,
Тәңірдің тылсым күшімен түссіз нұрға малынғам.
Шалынбай көзге еш нәрсе, келгенім қайдан белгісіз,
Түсімде қарап отырмын аспанның арғы жағына.



2 қаңтар 2007ж




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу