Өлеңдер ✍️

  07.09.2022
  60


Автор: Ахат ӘШУҰЛЫ

Мазарына айналған миым мұңның...

Мазарына айналған миым мұңның,
Ортасында ілбимін қиыр құмның.
Тамшы аңсаған жаныма ем таба алмай,
Күңіреніп барады күйім бұл күн.
Жел боп есіп жаным жүр боз далада,
Төңкерілді тауларым қозғалмаған.
Доңыз өмір бұрмайды маған мойнын,
Қобыз көңіл тартады боздаған ән.
Көтеріліп дүние мүлде есімнен,
Тағы кірдім іңірдің түрмесіне.
Сол түрмеде отырам бейсауат боп,
Мұң шертісіп рухымның мүрдесімен.



22 қараша 2006ж.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу