Өлеңдер ✍️

  07.09.2022
  81


Автор: Ахат ӘШУҰЛЫ

Бас

Тулаған, тынбай тасынған,
Жанымды жарды жасындар.
Тәңірдің добы тебілген,
Тинамдай ғана басым бар.
Ішейік досым құй шарап,
Шіриді тәндер, ми солад.
Шамасы келмей шашылар,
Шақшадай ғана бейшара.
Өкінер бастар, жылар да,
Сүңгітіп өзін мұнарға.
Соңғы рет көрер аспанды,
Жалғанға көзді жұмарда.
Қара жер құшып құларда.
Бірақ бізді көрмейді ол басымыз...



5 қараша 2006ж.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу