Өлеңдер ✍️

  07.09.2022
  52


Автор: Ахат ӘШУҰЛЫ

Тағы да бір төгілді түн сай жақтан...

Тағы да бір төгілді түн сай жақтан,
Тағы дауыл қап-қара бұлт ойнатқан.
Бөктердегі аруақтар мекенінде,
Мың мұңлы әуен шығады мың сайғақтан.
Мекені ғой мәңгілік жер үсті әлек,
Сұмдық болар бұл жерде ғарышта жоқ.
Өртей алар оты жоқ бұл қоғамның,
Өртенуге құлайсың тамұққа кеп.
Түсінер түк өмірде болмағасын,
Татымсыз бұл тірлікті талғамайсың.
Тәнді тастап қараңғы көрге көміп,
Жаның жұлдыз болып тек самғар айқын.
Жанасың ба, білмеймін тамасың ба,
Жанашыр ма, білмеймін қара тұлға.
Шыбын жаның шырқырап жүрер ұшып,
Қу сүйек пен елестің арасында.



3 қараша 2006ж.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу