Өлеңдер ✍️

  07.09.2022
  82


Автор: Ахат ӘШУҰЛЫ

Жан шөлі басып еңсені...

Жан шөлі басып еңсені,
Жапанда қалған пақырдай.
Шаша алмай нұрын ең соңғы,
Батқан секілді ақырғы ай.
Құлан жаным кешті мұң,
Талықсып арман құлады.
Байғыздың үнін естідім,
Жалғыздықтан ол да жылады.
Кемсең қағып кәрі ғалам,
Сақалында тұрды жас.
Қурайдың үні боздаған,
Ал қалғаны жым-жылас.
Қойнына кіріп түн - шалдың,
Етегін жаптым басыма.
У жұтып, мұң құрсандым,
Жалғыздығымды алып қасыма.



23 қазан 2006ж.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу