Өлеңдер ✍️

  07.09.2022
  83


Автор: Ахат ӘШУҰЛЫ

Ұйқы қашқан далаға

Меңіреуге айналдым, тар бөлмеден майға алған,
Жұлдыз да жоқ төбемде, далада күн, ай қалған.
Иенде қалып қасқырға талансамшы, әй, жалған,
Қорлық көріп жүргенше алаяқ пен байлардан.
Білем достым, біздің де басымыздан бақ тайды,
Сәлем берсең адамға алдыменен боқайды.
Бәрі қазақ маңымның, қыдыратын бір үй жоқ,
Көршім есік ашпайды, мен де есігін қақпаймын.
Айналыпты - ау білмеппін, басым күйіп шалаға,
Бала болып отырып тайынша жеккен шанаға,
Кектенгенше құр бекер, кетер ме едім ежелгі
Ұйқы басқан қаладан,
Ұйқы қашқан далаға!!!



28 қаңтар 2006ж.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу