Өлеңдер ✍️

  07.09.2022
  72


Автор: Ахат ӘШУҰЛЫ

Ойхой, менің достарым

Ойхой, менің достарым шеттерінен
Алған ұждан таудағы көкбөріден.
Нажағайлы нөсерін төккен үнемі,
Келген өңкей биіктің бөктерінен.
Сүйеді олар түн менен таң суығын,
Сүймейді олар құмайдың шаңқыл үнін.
Бір күн тойып алған соң, бір аптаның
Жарты құрсақ жортады алты күнін.
Жоқшылық – ол қашанда жамағайын,
Тиынсыздық жайлаған тамам айын.
Алайда олар жүреді алшаң басып,
Жаутаңдамайды ешкімге баладайын.



9 қыркүйек 2005ж.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу