Өлеңдер ✍️

  07.09.2022
  98


Автор: Ахат ӘШУҰЛЫ

Іркіт

Сапарға шықсаң бір күткен,
Ысып бір кетсе күн тіптен.
Қойшы қосына бұрылып,
Бір шара жұтсаң іркіттен.
Пай, шіркін сайрап сарайың,
(Жіпсиді сәл-пәл самайың.)
Айылды шаптай тартып ап,
Дейсің бір құйын шабайын.
Қуырып жердің апшысын,
Шаң қалар артта ақ түтін.
Көрінер алдан бұлдырап,
Таудың басы ақ мүсін.
Тақымды тағы қысасың,
Жұлдыздай ағып ұшасың.
Әп-сәтте жетіп ақ тауға,
Бауырын барып құшасың.
...Бір шара жұтсаң іркіттен...



16 қараша 2004ж.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу