Өлеңдер ✍️

  07.09.2022
  78


Автор: Ахат ӘШУҰЛЫ

Шөлдеу

Даңғазалықтан дабылым кетіп дал-дұлмын,
Тамырым тоқтап, татырда қалып тандырмын.
Тынымсыз тірлік тынысымнан да тандырдың,
Солған гүлдеймін тамшысын татпай жаңбырдың.
Шырқашы досым халықтың қайсар әнін бір,
Сайтан көбелек қаптады өнер шамын кіл.
Сал - серілердің сахарасында сан жылғы,
Сабалақ жүнді сайтандар асыр салып жүр.
Айта алмай бір сәт асқынғандарға қарсы дау,
Жалғандық жаулап жан шіркіндерді
жаншыды-ау.
Аптап далада бүйірін соққан киіктей,
Аңсаудан әттең кенезем менің қаңсыды-ау.
Шөлдедім досым, баяғы әнге салшы бір,
Сандалдым сырсыз сарайды ашпай салқын үн.
Жалғашы досым үзілгелі тұрған өзекті,
Асайық солай атымыз барда алты қыр!



15 қараша 2004ж.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу