Өлеңдер ✍️

  07.09.2022
  157


Автор: Ахат ӘШУҰЛЫ

Бала емеспін бұл күнде асық атқан...

Бала емеспін бұл күнде асық атқан,
Әжептәуір пендемін басы қатқан.
Бір басына жетерлік әуресі бар,
Тағдырына тентекпін тасын атқан.
Қайтесің жүйкеме сен ши жүгіртіп,
Жабығыстан жүргенде миды құртып,
Өз ойыма отырмын ие болмай,
Жалғыз қалған патшадай билігі үркіп.
Басы бардың болар-ау ақыры да,
Қақым жоқ өлеңсіз таң атыруға.
Шырлаған ойымдағы торғай жырым,
Қонбай жүр көңілімнің татырына.
Ей, пенделер, мазамды қашырмағын,
Сеземін алда талай асу барын.
Қайтесің көңіліме қаяу салып,
Онсыз да жар «Сорқұдықтың» басындамын.



17 мамыр 2004ж




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу