Өлеңдер ✍️

  07.09.2022
  50


Автор: Ахат ӘШУҰЛЫ

Аруақтар-ау

Аруақтар-ау тіл қатыңдаршы,
Ең пәк бір әуен тыңдатыңдаршы.
Аждаһа тірлікке араша болып,
Жанымның жасын құрғатыңдаршы.
Құтылсам ба екен күншілдіктерден,
Арылсам ба екен тылсым біткеннен.
Адамнан жақсылық күтуді қойдым,
Жақсылық орнына кіл сұмдық көргем.
Өзекті қандап жарып аққан мұң,
Жанымды жаншуға амырақтандың.
Әділдік іздеп келсем бе екен,
Арасына барып аруақтардың...



28 сәуір 2004ж.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу