Өлеңдер ✍️

  07.09.2022
  85


Автор: Ахат ӘШУҰЛЫ

Аңсау

Бір күні тауға бет қойып,
Тартсам ба шіркін ауылға.
Ұрынсам жолда жауынға,
Ұрынсам жолда дауылға.
Азап кешсем де ақыры,
Қауышсам қалың қауымға.
Шапсам ба құны-перен боп,
Атымның жалын лаулатып.
Тақымның терін саулатып,
Тартсам ба шіркін тауға тік.
Болдыртып әкеліп атымды,
Алсам ба көңге аунатып.
Қой жайсам ба екен жаяулап,
Қаптатып тастап қапталға.
Биіктен көз сап шатқалға,
Басымды тығып алсам бір,
Тау басындағы ақ қарға.
...Шаршап бір келіп Апамның,
Айранын ішіп жатсам ба...



28 сәуір 2004ж.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу