Өлеңдер ✍️

  07.09.2022
  66


Автор: Ахат ӘШУҰЛЫ

Көкжалдайын

Ешкімге де қиянат қылғаным жоқ,
Тұрғаным жоқ онымды бұлдағым кеп.
Күндеріме кейимін күйіп кеткен,
Іліп қойған қарындай құрғақ үрлеп.
Тындырғаным белгілі жиырмамда,
Еріп кеткем желіккен құйынға онда.
Барымды алып, таянып бақанымды,
Сыбағамнан да аттағам бұйырғанда.
Кетсін күндер бітпейтін дау жасаған,
(Масыл басып болмайын маубас адам.)
Тікірейтіп жортайын жалымды енді,
Кәдімгі көкжалдайын тауға таман!..



14 сәуір 2004ж.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу