Өлеңдер ✍️

  07.09.2022
  85


Автор: Ахат ӘШУҰЛЫ

Құр бекер құрып әлім қарадай...

Құр бекер құрып әлім қарадай,
Табанға тірек табылмағаны-ай.
Сарсаң күндерге салыным кетіп,
Сағындым сені тауым, далам-ай.
Бұралған орман, бұлбұлым қайда,
Бұлақтарым-ау, сыңғырың қайда.
Даланың үні кеткен бе тәубе,
Құлақта мынау бір-бірі қалмай.
Сары белім шертші сары қурай әнін,
Сағынышымменен бал-бұл жанайын.
Даламның жеткіз жұпар самалын,
Санамның солғын әнін жалғайын.
Боз далада өткен бұла күндерім,
Қайдасың дала, тұрағым менің.
Жетесіздердің жебір үнінен,
Қақырап барады құлағым менің...



4 қараша 2003 жыл




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу