Өлеңдер ✍️

  07.09.2022
  80


Автор: Ахат ӘШУҰЛЫ

Қазіргі сурет

Кең далада өскен семсер ғұмыры,
Көңілдің құшқан өлкемді нұры.
Мен тентек едім тентек өзендей,
Күндердің егеуі еңсемді мұжыды.
Беу, күндер шашты сұмдық реңін,
Құша құлады құмды жігерім.
Есе бермейтін есіл ерліктің,
Жалған күн келіп жұлды жүрегін.
О, менің қалай қазіргі суретім,
Үріккен жылқыдай қазығын сүйретіп.
Қисайып қалған қылшығым қалай,
Иледі-ау өмір парызын үйретіп.
Түфу!
Тарт ары құлаққа ұрдым мен
Күйген бас тірлік,
Шын-ақ бүгіннен!
Арқама батқан ыңыршағыңды,
Жартасқа ұрып лақтырдым мен!!!



4 қыркүйек 2003ж




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу