Өлеңдер ✍️

  07.09.2022
  61


Автор: Ахат ӘШУҰЛЫ

Серт

Мұқағали Мақатаев қабірі басында
Талқысында тағдырдың,
Таластым талай таңдармен.
Ұшып та кеттім құстармен,
Еріп те кеттім аңдармен.
Түсіп те кеттім тасқынға,
Жабыстым талға жан дәрмен.
Жабыса шығып тау көргем.
Шыланып жасқа көздерім,
Кенезем кепкен кездерім.
Түкірікке де татымас,
Тартып жүріппін-ау езбе мұң.
Бәрін де құздан лақтырдым,
Құр жұрер рас кез бе бұл?!
Қасиетсіздік етсем қазақ боп,
Оқ болып атсын өз көзім.
Өмір-ау мен де еркеңмін,
Ертеңің үшін өртендім.
Қажетің үшін қара өлең,
Еркек тоқтың мен сенің.
Қорғамасам құдіретіңді,
Жеркенгін менен, жеркенгін.


Басымды ұраға лақтыр,
Жігін тап та желкемнің.
Түңіле көрме, тек үңіл,
Себебі мен ертеңмін!!!



24 тамыз 2003ж.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу