Өлеңдер ✍️

  07.09.2022
  65


Автор: Ахат ӘШУҰЛЫ

Ашыныш

Оралхан Бөкей қабірі басында



Ассалаумағалайкум Оралхан аға!
Жазылмай жатыр сен жайлы жырлар,
Айтылмай жатыр сені аңсаған ән.
Мен сенің мәңгі айдыныңды қорғар,
Боламын аға, болам шағалаң.
Мыжыма өмірге мінгесіп алып,
Естілердің есін күнде шығарып.
Келеміз біздер кердең адыммен,
«Керемет қыламыз» деп күнде шыңалып.
...Кешірім сұраймыз тәңірден сосын,
Армандылардың мүрдесін алып.
Ашылмай көзіміз былшығымыздан,
Айтылмай жатыр құлшыну - ізгі ән.
Қайран күндер қалай боларсың,
Құтыла алмай келеміз біздер,
Қолдан жасаған қырсығымыздан...
Жанымның дертін айтам не сырмен,
Кендірлерімді қайтем кесілген.
Таң менен түннің өларасында,
Барамын өтіп «Сайтан көпірден!»...



24 тамыз 2003 жыл




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу