Өлеңдер ✍️

  07.09.2022
  110


Автор: Ахат ӘШУҰЛЫ

Сен жоқта

Жалғыздық жанымның жабығын жұлқиды,
Санамда сағыныш сағымы мың қилы.
Сол сағымдардан сұлбаңды таба алмай,
Аңсаудың жүзімді жалыны бүркиді.
Қайдасың менің еркем, әдемім,
Сенсіз мұң-қайғы ертер әлегін.
Сенің ғажайып дидарыңды құшып,
Кетемін кезіп ертегі әлемін.
Ұшқыр қиялға сұңқар жетпейді,
Басқаны ойлауға мұрсам жетпейді.
Сен барда күнім өтпесін деуші ем,
Сен жоқта күнім қусамда өтпейді.



19 шілде 2003ж.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу