Өлеңдер ✍️

  07.09.2022
  74


Автор: Ахат ӘШУҰЛЫ

Ауылым қайда

Ауылым қайда?
Тым алыс ауыл.
Сағындым,
Көңіл тым әрі-сәрі.
Ауылға қарай ескен самалмен,
Жапырақ жүрегім құрақ ұшады.
Сағым белдерім көрініп шанда,
Жататын дала керіліп сонда.
Қой айдап бара жатушы едім,
Көшпенен бірге көміліп шаңға.
Қазақпа қасиет күйі сіңбеген,
Сырлы дүние сиы сирек ең.
Алушы едім жігер тынысын,
Жусанның жұпар иісіменен.
...Арман мен мұңым араласады,
Қиялдың кезіп барады Асаны.
Тұрсам да Азия кіндігін басып,
Ойларым далаға ала қашады.
Озбырлар ортаны ойрандағаны-ай,
Сағым күндердің айланбағаны-ай.
Еш саған жетпес қандай кеңдік те,
Қасиет ұйыған қайран далам-ай.



Тамыз 2002ж.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу