Өлеңдер ✍️

  07.09.2022
  69


Автор: Ахат ӘШУҰЛЫ

Тосамын қанша

Жансыңба қарғам сезімге берік,
Қалмады сен деп төзім мен ерік.
Момақан мүсінің мойнымды бұрды,
Қарағаныңда қозы көзденіп.
Көрікті бұрымың керім беліңде,
Желбірер тудай менің көгімде.
Қос анарың алдырмас қамалдай,
Кептер төстене керілгеніңде.
Жаралған жансыңба ақ нұрдан қарғам,
Сен үшін құлады сап құрған арман.
Сен маған қарап бір күлер болсаң,
Қалпақтай ұшар ем лақтырған жардан.
Жан болсам саған жауланар тура,
Уақыт кетер заулап артына.
Әлемнің барлық еркеліктері
Ерін боп саған алған - ау сірә?..
Сорлы сезімнің салымы қайда,
Көміп өтермін бәрін улы ойға.
Тосамын қанша?
Қонады қашан
Қарғалдақ гүлдің бағы қурайға?..



27 сәуір 2002 жыл




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу