Өлеңдер ✍️

  07.09.2022
  85


Автор: Ахат ӘШУҰЛЫ

Жанар тау бар кеудемдеқ алғып жатқан

Қалған бейне пендедей демі бітіп,
Нені армандап отырмын, нені күтіп?
Үлпілдегін ұрлатқан күзгі талдай,
Балалықтың қалмапты - ау желігі түк.
Ерке, тентек қалмапты мінездеме,
(Айналдым ба апыр-ау бір езбеге?)
Жүргенімде жырадан қаңбақ қуып,
Бұйырыпты жотаның гүлі өзгеге.
...Гүлді солай кезінде шаңға ұрлатқам,
Жанарымды тек қана ән құрғатқан.
Бір күндері жасайды қопарылыс,
Жанар тау бар кеудемде қалғып жатқан!



12 қазан 2001 жыл




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу