Өлеңдер ✍️

  07.09.2022
  60


Автор: Ахат ӘШУҰЛЫ

Сезбеппін

Жолықтым саған бір рет,
Дір етті содан жүрегім.
Сағыныштың өтті күні көп.
Жете алмай саған жүр едім.
Есімнен кетпей есімің,
Жол тарттым саған асыға.
Сен тұрдың тосып есілім,
Көкбұйра көлдің қасында.
Телмірдің...
Мен де телміргем,
Арадан сырып пердені.
Еркелік емген ерніңмен,
Елжірей өптің сен мені.
Арманым қақты қанатын,
Көңіліңде сенің ұшырдым.
Сүюдің ең бір ләззатін,
Сол күні ғана түсіндім.
...Кетерде қимай мен мүлдем,
Жасауға болды қимыл мұң.
Қалпыңда сен де телмірген,
Ерніңнен жалғыз сүйдірдің.


...Сары дала шертіп күйді мың,
Құлаққа мұңлы жетеді үн.
Сезбеппін сол бір сүйдіру,
Мәңгілік сертің екенін...



25 қыркүйек 2001 жыл




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу