Өлеңдер ✍️

  07.09.2022
  61


Автор: Ахат ӘШУҰЛЫ

Бәрі де болма

Жалынға қарап өршігің келеді,
Толқынға қарап толқығың келеді.
Тауларды көріп биік болсам деп,
Бауларды көріп еркің гүлденеді.
Даралық деген бір бекім қалайсың,
Күн,
Шолпан,
Иә, түнде туар айсың.
Жалғыз ғой олар,
жұптасқың келеді,
Өтеді күндер, мүлде шыдамайсың.
Сарсаң өмірдің мәні болар ма,
Мұңсызға Бейіштің бағы қонар ма?!
Өзің бол досым, жаңыла жазба,
Бәрі де болма,
Бәрі де болма!..



Тамыз 2000ж.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу