Өлеңдер ✍️

  07.09.2022
  134


Автор: Ахат ӘШУҰЛЫ

Жанымда жігердің оты бар...

Жанымда жігердің оты бар,
Бар мұнда сүреңдер, оқыңдар!
Көрінсе құлаған шоқылар,
Көзіме келеді Отырар.
Құлаған қорықтар – қорымдар,
Сол қорым ішінде жолым бар.
Ей, жортқан жолаушы,
Керуен…
Қорықпай қорымға қоныңдар.
Сәреде бозторғай бейнеде,
Балбалға қонып ап сөйлеген.
Бабамның көресің рухын,
Таң болып ататын бейнеден.
Жыралар – әріптер,
Төбелер – нүктелер,
Адырлар – дәптерлер бүктеген.
Ормандар – сайғақтар шаншылған,
Өзендер – көз жастар бітпеген.
Тау-дала – мәңгілік тарих!
Алаштың ұрпағы – ақиық!
Сүреңдер сырына жетелер,
Әжімдей қалған тек жол ұйып...



Тамыз 2000 жыл




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу