Өлеңдер ✍️

  07.09.2022
  82


Автор: Ермұрат Зейіпхан

Алма-ғайып дүниеден емші, таңдауым

Алма-ғайып дүниеден емші, таңдауым,
Аласапыран кезі ғой көші-қондардың.
Ортасына түсіп қап мазасыз жаным,
Жел шұқығандар мен жер шұқығандардың.
Бауырына енгендей азат ұяның.
Бір ұлымын деп жүрмін қазақияның.
Жұмағың емес, топырағын аңсадым,
бауырым,
Түсінгейсің алаштың таза тұяғын.
Жай жоқ енді қол жайып жаритын
басқадан,
Жауым болса ертеңім, тарихым жасқаған.
Жайдым құшақ, тілерім өзіңнен, елім,
Шын көңілден айтайын –
«Уағалейкумәссалам!»




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу