Өлеңдер ✍️

  07.09.2022
  67


Автор: Ермұрат Зейіпхан

Сүйгеннің ем көктеген, көгерген құлы

Сүйгеннің ем көктеген, көгерген құлы,
Десе-дағы жанына көп ерген мұңы.
Білер ме едің – жанымды жайына жіберіп,
Жер қойнына бұл тәнім жөнелген күні.
Өріп жүрген пенденің телі көресің,
Білсең еді-ау бұл жүрек менікі емесін!
Шын берілген жарымның аманаты бұл,
Аттатпайтын арымның белі-белесін.
Сені ырза етпеспін, өзгелерді де,
Ұғынар күн мені де кез келер бірде.
Құйылады ғарыштан ғаламат жырлар,
Көрік, иіс құйылар көз көрер гүлге.
Дүниемен пенде өзін жиі алдайды екен,
Ол шеңберге мен мүмкін сыя алмай кетем.
Кешірерсің – берілген жарым бар жалғыз,
Оны сенің жолыңа қиа алмайды екем.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу