Өлеңдер ✍️

  07.09.2022
  102


Автор: Ермұрат Зейіпхан

Ғашықсың. Ғашықпын.

Ғашықсың. Ғашықпын.
Қапастағы қара құстай ашықтым.
Бірі ме деп машықтың,
Есігіңді ашыппын.
Ғашықсың. Ғашықпын.
Тағдырменен ойнағам,
Тоймағам.
Секілденді ол да бірге тойлаған.
Лақтырды да жіберді ғой оңбаған.
Суық жерге ырза болдым,
Кел деп құшақ жаймаған.
Шырқырап жүрегім,
Ырқыма көнді енді.
О, тағдыр, мен сені жеңбен-ді.
Еліктің баласын тер көмді,
Бейкүнә – күнәлі болды енді.
Талатты ұятқа,
Таң атты.
Тамырда зәру емес, қан ақты.
Тағдырым сипады от ойнап,
Көп күйген қоңырсық қанатты.
Ғашықпын. Ғашықсың.
Неге мені бір көруге асықсың...




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу