Өлеңдер ✍️

  07.09.2022
  76


Автор: Ахат ӘШУҰЛЫ

Ауыл қырындағы ой

Арашалап әреңге жанымды оттан,
Қыр үстінде отырмын сағым жортқан.
Туған жерде тұп-тұнық тыныс алып,
Асқақтатып аспанға әнімді атқам.
Пай, пай, шіркін, далам-ай, ой толғаған,
Ой толғаған, барлығын айта алмағам.
Жетеледің жиырмаға жалды жықпай,
Толып жатыр қарызым қайтармаған.
Барлығы бар, тілесем, арай өпсем,
Ауырыңды жеңілтем қалай етсем.
Қара дөңде қадалып қара тауға,
Елестетем заманды талай өткен.
Арпалысам бұзбаққа, алда мұнар,
Азаматпын атпалдай, арға құмар.
Туған жер-ай, туыңды тік көтеріп,
Әз атыңды әлемге жалғағым бар!!!



8 ақпан 2000жыл




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу