Өлеңдер ✍️

  07.09.2022
  128


Автор: Ахат ӘШУҰЛЫ

Қос жұлдыз

Бір-бірлеп өмірімнің баспалдағын басып,
Алып ұшқан арманым асқарларға ұласып.
Жылтылдап жұлдыз жыртығынан
жалбыр бұлттардың,
Сияқты маған, қосыла алмай жатқан жыласып.
Қос көздей құс жолынан қос жұлдыз көрдім,
Ортаға салғандай бейне көшкін іздерін.
Біреуге мүлде айнала алмай арпалысқандай,
Қарадым тағы...
Күдерімді ешбір үзбедім.
Үмітім жатты амал не, әттең, ішімде жыласып,
Етерме Тәңір бір жарық болып түсуге мүнәсіп.
Қос жұлдыз мәңгі қосылмайды... рас, рас бұл,
Қосылуы оның – өңімдегі арман, түсімдегі бақыт...



3 ақпан 2000 ж.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу